Іздеу

2016 жылдың 1 тоқсанына арналған

сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша

талдау анықтамасы

 

 

Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын өткізу Ережесіне сәйкес өткізілді.

Әкімшілік бөлімі және сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауының этикасы жөніндегі уәкілетімен басқарма өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.

Мемлекеттік органның ережесін зерделеу барысында ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 08 шілдедегі № 477 Орман кодексі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 09 шілдедегі № 481 Су кодексі, «Жануарлар дүниесін күзету, молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 09 шілдедегі № 593 Заңы). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2016 жылдың 1 тоқсанында қаржы басқармасының ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары;

Қаржы басқармасының штаттық саны 2016 жылғы 1 тоқсанның басында 27 бірлікті, соңында 27 бірлікті құрады.

Бос орындар жоқ.

Бос лауазымдарға жалпы және ішкі конкурс өткізілген жоқ.

Кадрлардың ауысулары болған жоқ.

Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу;

Қоса жұмыс атқарушылар жөніндегі жұмыстың қолда бар мәліметтеріне байланысты Басқарманың ведомствоға қарасты мекемелерінің кейбір қызметкерлерімен, қосымша жұмыс атқаратын қызметкерлердің еңбектерін реттеу ерекшеліктерін реттейтін, ҚР Еңбек кодексінің 18 бабының, әсіресе 196, 197, 198, 199 және 200 баптарының, талаптарына қоса жұмыс атқарушылық бойынша жұмыстың сәйкестігі тексерілді. Сонымен, орман шаруашылығының КММ есебіндегі аңшылық мамандары өз кәсіби қызметіне (аңшылық одақтар, аңшылық қоғамдар және басқа ұйымдар) нақты немесе жанама байланысы және қатысы бар басқа да ұйымдарда бір мезгілде жұмыс істеген оқиғалар болды.

Орман шаруашылығының және орман мен жануарлар дүниесін күзету жөніндегі шұғыл жасақтың міндеттері мен функцияларының, өсімдік және жануарлар дүниесін күзету бойынша заңнамасының құқық бұзушылықтарымен күрестің, ведомствоға қарасты мекемелер басшыларының көрсетілген  функцияларын орындау бойынша мемлекеттік уәкілеттің есебімен мемлекеттік функцияларды орындау және  орман, басқа да өсімдік және жануарлар дүниесін пайдалануға байланысты жеке құрылымдар мен тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау кезінде мүмкін болатын қызығушылық қақтығыстарын болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі көрсетілген еді.

Алайда, қазіргі уақытта уақтылы ықпал етудің арқасында бұзушылықтар жойылды.

3) мемлекеттік қызмет көрсету;

«Корневой» ЖК-ге мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімдерді жеке куәліксіз, басқа тұлғалар арқылы қабылдау оқиғалары анықталды.

Бұдан басқа, сараптама қорытындысы, яғни қызмет көрсету материалдары, мемлекеттік қызмет көрсететін және басқа бөтен тұлғаға сенімхатсыз тікелей бөліммен тапсырылған.

Аталған оқиғалар, сыбайлас құқық бұзушылық жасау жағдайы ретінде қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы нақты байланыстың жоқтығы туралы жоғары тұрған органда және мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөніндегі уәкілетті органында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын бұзушылықпен байланысты.

Жоғарыда аталған мөлшерлер, алдағы уақытта ұқсас бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қызмет берушілердің назарларына жеткізілді.

4) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру;

Әкімшілік бөлімі орман шаруашылығының ведомствоға қарасты мекемелерінің және ішкі істер органдарының ұсынған мәліметтері бойынша 2015 жылға ҚР мемлекеттік орман қорын күзету жағдайына талдау өткізді. Сонымен, өткен жылы ШҚО табиғат ресурстары басқармасының ведомствоға қарасты орман шаруашылығы мекемелерімен күзетілетін,  мемлекеттік орман қорында ағаштарды заңсыз кесу фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2 бабы 340 тармағы бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз ағаш кесудің 30 фактінің ішінен қазіргі уақытта 10 қылмыс ашылған жоқ, кінәлі тұлғалар анықталған жоқ, соған сәйкес келтірілген шығын мемлекетке қайтарылған жоқ. Әсіресе, күзетілетін аумақта:

Талдау арқылы орман және жануарлар дүниесін күзетуді жүзеге асыратын өз функционалдық міндеттерін тиісті орындамайтын орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары анықталды. Бұдан басқа, ағаштарды заңсыз кесу және ағаштарды ұрлау фактілері туралы материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаған кезде мемлекеттік меншікті ұрлағандары үшін кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөніндегі мәселе бастамашыл болмай тұр.

Орманды күзету жөніндегі мемлекет мүддесін қорғайтын және орманды күзететін мемлекеттік орман шаруашылықтарының күзетілетін мемлекеттік меншігін иеленуде қылмыскерлермен келісу фактілеріне жол берген.

Комиссия лауазымды уәкілеттерін пайдалана отырып мемлекеттік мекеменің ақшалай қаражатын ұрлауға байланысы бар, ведомствоға қарасты «Риддер орман шаруашылығы» КММ-де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін анықтады. Материалдар шешім қабылдау үшін ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің бар екендігі туралы шешімге келді, алайда басқарма оларды жою бойынша іс-шаралар қабылдайды.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..