Іздеу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына

1 қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлықққа қарсы мониторингтің нәтижесі

 

І. Кіріспе бөлім:

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) табиғи ресурстарды қорғау және табиғат пайдалануды реттеу саласына басшылық жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, жаңартылған табиғи ресурстарды тиімді, тұрақты пайдалану, орманды жерлері көбейту және флора мен фауналардың биологиялық әр түрлілігін сақтау, тұрғындардың амандығы, қауіпсіз және қолайлы өмірлері үшін қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

Басқарма келесі міндеттерді жүзеге асырады:

- орман және аңшылық ресурстарын, су объектілерін ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеу және қамтамасыз ету;

- орман, су және аңшылық шаруашылықтары, қоршаған ортаны сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

- өсімдік, жануарлар дүниесі, типтік, бірегей және жергілікті мағынадағы табиғат аймағында ерекше күтілетін сирек ландшафтардың биологиялық әр түрлілігін сақтау.

2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг:

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өткізілді, эл.пошта: R.Bekbosynova@akimvko.gov.kz, 8 (7232)250301.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің өткізілу кезеңі: 2016 жылғы 01 қаңтарда басталып, 2016 жылғы 29 маусымда аяқталды.

4. Бақыланатын кезең: 2016 жылғы бірінші тоқсанның қызметі.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 33 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 15, заңды тұлғалардан – 18. Барлық 33 өтініш бақылауға алынды, жоғары органға қарастыру үшін 1 өтініш жолданды, қаралғаны – 32 өтініш. Өтініштердің жалпы санынан қанағаттандырылғаны – 11, 22 – өтінішке жазбаша және ауызша түсініктер берілді.

Жеке тұлғалардың өтініштерінде қаралған мәселелердің көпшілігі – табиғи-шикізат ресурстарын және экологияны пайдалану мәселелері. Есептік кезеңде жер ресурстары және жерді пайдалану мәселелері бойынша - 3, мемлекеттік экологиялық сараптама мәселелері бойынша - 1, су ресурстары бойынша - 4, агроөндіріс кешенінің жалпы мәселелері бойынша - 0, БАҚ – 5, басқа мәселелер бойынша – 20 өтініш түсті.

Сонымен, 2016 жылдың 24 мамырында Басқарманың әкімшілік бөлімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтау мәселелері бойынша ішкі бақылау өткізді. Нәтижелері бойынша шамалы бұзушылықтар анықталып, олар уақтылы жойылды. 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі жұмыс үнемі бақыланады.

Қарастыру мерзімдері сақталады, мерзімдері өткен өтініштер жоқ. Есептер ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша комитет басқармасына уақтылы тапсырылады.

Бірінші жартыжылдықта Басқарма Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі ретінде нормативтік-құқықтық актілердің 9 жобасын қарастырып, облыс әкімдігі заң қызметінің заң сараптамасынан сәтті өтті және қолданыстағы заңнама нормаларының тәртібіне сәйкес келетін іс-шаралар қабылданды.

2016 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған, теріс қылықтары және Әдеп кодексінің нормаларын бұзған оқиғалар бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар тіркелген жоқ.

Басқарма және ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың айқындалуын және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз атмосфераны қалыптастыруды ескертуге бағытталған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қолданыстағы заңнаманың негізгі өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Бұдан басқа, Басқарма нормативтік-құқықтық актілерді уақтылы және сапалы ретке келтіру мақсатында нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингісі үнемі жүргізіледі.

Мониторингте Басқарманың Ережесіне бірнеше рет өзгерістер енгізілгендігі анықталды, осыған байланысты басқарма бөлімдерінің ережесі мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларын қайтадан қарау қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда жоғарыда аталған бұзушылықтар жойылды. Бөлімдер ережелері мен лауазымдық нұсқаулар Басқарманың Ережесіне сәйкес ретке келтіріліп, барлық лауазымдық тұлғалар таныстырылды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысы бар Басқарма қызметкерлері үшін оқыту семинары ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат Басқарманың интернет-ресурсында жүйелі түрде орналастырылып тұрады. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар қабылдануда.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Шешімдер:

1. Басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерді ұйымдастыру және оны өткізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлық заңнамасының талаптарын сақтауға бақылауды күшейту және қамтамасыз ету.

Қызмет алушылардың қызмет берушілермен тікелей қарым-қатынастарының ерекшеліктері бойынша барлық іс-шараларды қабылдау.

2. Әкімшілік бөлімі екінші жартыжылдықтың жоспарына басқарма бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық қатерінің және ведомствоға қарасты мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетулеріне және  орманды күзету, қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың ішкі талдауын жүргізуді енгізу.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..