Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Алғаш рет республика азаматтарына ірі ұлттық компаниялардың ортақ иесі болуына мүмкіндік беретін Бағдарлама туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың ақпан айында өткен «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде мәлімдеді. 2011 жылдың шілде айында «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорларының кеңесі еншілес және тәуелді компаниялардың акцияларын қор нарығында орналастыру бағдарламасын мақұлдады.

Сол жылдың қыркүйек айында Бағдарлама ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Акциялары кезең-кезеңмен – 2015 жылға дейін сатылымға ұсынылатын акционерлік қоғамдардың тізбесі анықталды.

«Халықтық IPO» қатысушы-кәсіпорындар «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына жатады. Бұл ширек ел экономикасы, Қазақстанның стратегиялық активтері: мұнай және газ құбырлары, электр желілері, темір жолдар, электр станциялары, ұшақтар, теңіз флоты.

Бағдарламаға қатысу үшін шикізатқа деген әлемдік баға конъюнктурасына айтарлықтай тәуелділігі жоқ компаниялар таңдап алынды:

 

Кезеңдер

Қатысушылар

2012 жыл

«КазТрансОйл» АҚ

2013 жыл

«KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «КазТрансГаз» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «НМСК «Казмортрансфлот» АҚ

2014 жыл

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ

2015 жыл

«Казатомпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ

 

Халықты барынша қамту үшін аталған бағдарламада «Қазпошта» АҚ оператор болып анықталды, ол үшін пошта байланысының аудандық және қалалық тораптарының орталық операциялық учаскелері базасында ұлттық компаниялардың акцияларын сатуды ұйымдастыру бойынша трансфер-агенттік пункттер құрылды.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..